1 қыркүйек барша Қазақстандықтардың дәстүрлі мерекесі

blank

1 қыркүйек барша Қазақстандықтардың дәстүрлі мерекесі! Білім күні мерекесі- бұл жаңа оқу жылындағы алғашқы шара және патриоттық, идеологиялық маңызы бар мереке болып табылады. Жаңа 2020-2021 оқу жылында лицей қабырғасына 100 ден астам ұлан қабылданды. Өкінішке орай, бүкіл әлемде болып жатқан пандемеяға байланысты білім күні қашықтан өткізілді. «Саналы ұрпақ- жарқын болашақ» атты бейнеролик инстаграмм желісіне орналастырылды. Лицей табалдырығын алғаш аттағалы тұрған ұландардың «Жас Ұлан» ерлер лицейіне қандай мақсатта оқуға түскендері жайлы сұхбат алынды.Сұхбат барысында ұландардың басым көпшілігі болашақта Отан қорғаушы, әскери маман иесі болғылары келетіндерін айтты. Лицей басшысы полковник Оқасов Қ. Б. лицей ұжымын және лицейдің жеке құрамын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Лицей басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары Смаилов А.А 2019-2020 оқу жылының қортындысы бойынша жетістіктерімен таныстырды, 2020-2021 жаңа оқу жылының бірінші тоқсандығының қашықтықтан оқыту туралы бұйрықпен таныстырды.