blank

Алғыс айту күнін мерекелеуге арналған облыстық эсселер байқауының жүлдегері

2016 жылдың жиырма алтыншы ақпаны мен екінші наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы Қазақстан Республикасы Алғыс айту күнін мерекелеуге арналған облыстық эсселер байқауын өткізді. Байқаудың мақсатықоғам бірігуінің, азаматтық татулықтың, қоғамдық келісімнің, қазақстандық бірегейлік пен бірліктің нығаюының, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарының және халықтың жалпыұлттық игілігі ретінде Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің принциптерін бекіту болды. Байқау екі кезеңнен тұрды: қалалық және облыстық.

Байқауға облысымыздың жалпы білім беретін мектептерінің 8-11 сынып оқушылары қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша  жүлдегерлер анықталды. Солардың қатарында   мазмұндау тілінің көркемдігімен, шеберлігімен, тақырыптың жан-жақты ашылуымен ерекшеленген Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы  «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей- интернатының» 8-сынып оқушысы Канабеев Владимир жүлделі І орын иеленді. Жеңімпазды құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз!