Жыл сайын республика көлемінде ұйымдастырылатын «Жарқын болашақ» олимпиадасының негізгі мақсаты – дарынды жастар арасында қазақ тілі мен дәстүрін, қазақ өнерін оқушылар арасында насихаттау. Аталған байқаудың облыстық кезеңінда «Жас Ұлан» мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Александр Дуденко І орын иемденіп, республикалық кезеңге жолдама алды.
«Білім-Инновация» лицей–интернатының базасында облыстың мамандандырылған және жалпы білім беретін мектептерінен қатысқан жүздеген оқушының ортасынан суырылып шығу – үлкен абырой. Шығармашылық, ізденушілік қабілеттері мен мәдени дүниетанымын көрсете білген Александр ұланымызға алдағы кезеңде сәттілік серігі болып, жеңіспен оралуына тілекшіміз.