Ақындар — Лицейде
Лицейімізде,
Республика күні мерекесі қарсаңында,
«Жас Ұландық» «Жас Ақындар» үйірмесінің өлеңге құштар дарындары
Семей қаласының «Жазба және Айтыс ақындарымен» кездесу өткізді.
Кездесуде: Еркежан Сағимолла «Самал сазы» күйін қоңыр үнді домбырасымен сергек орындап, артынша жыр парақтарынан таңдаулы «Отан», «Махаббат» туралы жырларын оқыды.
Ал артынша, ақын Диана Биқатаева да өнерден қалыс емес екенін танытып: «Туған жер», «Ана» тақырыптарындағы тамаша жыр жолдарын төкті.
Кездесудің бір маңызы — қонақтарға, жас шәкірттер алма-кезек сауал жолдай отырып, ақындықтың қыр-сыры мен қызық-шыжықтары жайлы өз көкейлеріндегі сұрақтарға тұшымды жауап алды.
Ара-тұра, «Жас Ұландық» ақындар да, өздерінің кәдесый ретіндегі, кездесуге келген ақын аруларға ақ жалын жырларын да тарту етті.
Кездесу соңында: жастық лебі іспеттес эстрада жұлдыздарының орындауындағы «Алтыным»
әнін бірге шырқап, кеш көңілді нотада тәмамдалды.