blank

2016 жылдың қыркүйек айының 1-і күні Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатында  барлық оқу орындарымен қатар ұландар  үшін алғашқы қоңырау соғылды. Мерекеге  лицей  ұжымы, қонақтар, ұландар, ата-аналар  қатысты. Білім күні мерекесіне арналған салтанатты сапқа тұрғызылған ұландардың бойында патриоттық рухтың жоғары екені байқалды. Жаңа ғана лицей табалдырығын аттағалы тұрған 51,52 взвод ұландары да, осы тәрбиелік мәні жоғары іс-шарадан тыс  қалған жоқ, олардың бойларына да батырлық күштің бойлағаны байқалып тұрды. Білім күнінің мерекесінде былтырғы оқу жылында өткен Республикалық «Айбын 2016» жарыстың  жетістіктері айтылып, сондай -ақ жеңімпаздар шеруі көрсетілді.Сөз кезегі лицей басшысы Құрмаш Бабағұмарұлына берілді. Бұндай ең жоғары дәрежеде көрсеткен лицей жүлдегерлеріне мың мәрте алғысының шексіз екенін айтып, 21 жыл ішінде корсеткен ең жоғары рекорд екенін атап өтті.

Салтанатты жиын Білім күні «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерей тойына арналған болғандықтан «Батырлар ұраны» атты әнге  жаңа келген ұландар салтанатты саптық көрініс көрсетті.  Алғашқы қоңырау мерекесінің  мақсаты «Қазақстан-2050» стратегиясын табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет екендігін, елдігіміздің ертеңі бір халық — бір ел — бір тағдыр деген үш сөзге сыйып тұрғандығын ұландардың санасына жеткізіп, елін, жерін сүюге, бірлік пен ынтымақтастықты жақтауға, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға, ұлттық құндылықтарымызды мақтан етуге тәрбиелей отырып, жаңа буын өкілдерін қалыптастыра отырып, Елбасы саясатын насихаттау болды.

Ұландарға білім жолына басқан алғашқы тың қадамдарына сәттілік тілейміз!