Қаңтар айының 25 ақпан айының 3 аралығында лицейде «Ғылым және Білім» онкүндігі өтті.
Бұл шараның мақсаты- пәндерді оқытудағы танымдық белсенділікті , шығармашылықты және оқушы ынталылылығын арттыру.
Міндеті:
«Ғылым мен Білім » онкүндігінің салтанатты ашылуын 5-сынып оқушылары бастады. Әр пәннің өмірде қажеттілігіне тоқталған 5-сынып оқушыларының әдеби-монтажы оқушылар қызығушылығын тудырды. Онкүндік аясында лицей ұстаздары сыныптан тыс мерекелер мен 25- тен астам ашық сабақтар көрсетіп, тәжірибе алаңында әріптестерімен бөлісті. Әсіресе, математика мен физика, информатика мен биология, тарих және әдебиет, математика мен информатика, оры тілі мен ағылшын тілінен кіріктірілген сабақтар мен сыныптан тыс мерекелер оқушылардың пәнге деген ынтасы мен қызығушылығын ерекше оята білді.Сабақ барысында топтық жұмыс, өзін-өзі бағалау, постер құру, оны қорғау, рефлексия жасау сияқты жұмыс түрлері жүргізілді. Жаңа технология талаптарына сай құрылған мұғалімдердің сабақтары әріптестер тарапынан бағаланып отырды. Онкүндік аясында жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетілді.