blank

2012 жылғы түлегіміз Ульмисеков Арсланды еске алу мақсатында Кіші лицейішілік  «Бір рухпен біріккен» ұлттық спорт турлерінен 6-8 сынып арасында өткен  спартакиада.

Адамның асыл қасиеті, ақыл-парасаты көзі тірісінде емес, өзі өмірден озғанда айқынырақ бағалана ма деп ойлайсың. Қазір Арслан оқушымның айтар ақылын, әрбір істі шешердегі сабырлылығын, турасын кесіп айтар нақтылығы жетіспей, орны үңірейіп, ойсырап тұрғандай. Кез келген қиын жағдайда тығырықтан шығар жолды ойланып, толғанып, ақыл таразысына салып, ең соңында кесімді пікірін қысқа ғана тұжырымдау – Арсланға ғана тән асыл қасиет еді. Адамдарға ұдайы шапағат нұрын шашып, әркімнің жетістігін іштей бағалап әрі байсалды мінезбен ақырын ғана мынаны былай ету керек еді деген ықыласын білдіруші еді……

Арслан Ульмисеков Арманұлы 1995 жылы 14 маусымда Семей қаласында дүниеге келген, Алғашқы мектепке 5 гимназияға мектепке барып 4 сыныптан кейін лицейге оқуға түседі. Лицейді жақсы оқып 2012 жылы Ресей Федерациясының Тюмень қаласында Маршал А. И. Прошликов атындағы жоғарғы –инженерлік оқуды үздік аяқтап  Астана қаласындағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде еңбек жолын бастап ең алғашқы еңбек демалысын алған кезде өмірден озды. Тюменде оқып жүрген кезде айына алатын степендиясын жинап жазғы демалысқа шыққан кезде Семейдегі ата- анасының қалдарын біліп жаңа оқу жылына бауырларын мектепке баратын киім кешектерін, қыстық отындарына дейін қарастырып кететін.

Міне, осы қысқа ғана ғұмырында көп нәрсе жасап кетті деуге болады. Анасына деген мейірімі өте зор болатын.
2012 жылғы түлегіміз Ульмисеков Арсланды еске алу мақсатында «Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты» КММ-сінде 14 караша айында  Кіші лицейішілік«Бір рухпен біріккен» ұлттық спорт турлерінен  өтетін  спортакиада ұйымдастырылды. Ульмисеков Арсланмен лицей табалдырығында оқыған ұландар тарапынан осы турнирді өткізуге ат салысты. Бірге оқыған сыныптас Төлегенұлы Айзат Арсланды еске алу ретінде мынадай өлең шумақ жолдарын арнады.

Сен емес ең додада жасқанатын

Жайсаңдығыңмен ел мақтанатын

Жанымызда жүргендей сезіненміз

Жүректерде қалады асқақ атың

Жақын  ұлан едің ғой жаныма тым

Ата- ана ұстаз дос сағынатын

Домбыра гитарада жақсы ойнап

Бойынан жетпіс өнер табылатын

Арсланның көрмеппін жасығанын

Тағалмайтын еді ғой досына мін

Мәңгілік мекеніңе кете барып

Мақтанышы боп қалдың Жас Ұланның….

Марқұмды еске алу турниріне ата-анасы, туған туыстары қонақ ретінде келіп іштей өкініштерін тарқатты. Ата анасына қайғырып көңіл айтамыз.

2012 жылғы түлегіміз Ульмисеков Арсланды еске алу мақсатында Кіші лицейішілік  «Бір рухпен біріккен» ұлттық спорт турлерінен 6-8 сынып арасында өткен  спартакиадасының нәтижесі 81 взвод жоғары дәрежемен

І орынға иеденді, ІІ орынды 82 взвод қанжығасына байлады, ІІІ орынды

62 взвод ұландары иеленді.

2012 жылы лицейді бітірген

112 взвод түлектерінің сынып жетекшісі

Маныбаева Г.Т.