Жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеу жобалары байқауы өткізіледі. Биыл облыстық кезеңінен жүлделі орын алып, республикалық кезеңге өткен жеңімпаз ұландарды лицей басшысы құттықтады.
Алғыс білдіру рәсіміне лицейіміздің намысын қорғап, білім додасында жеңіске жеткен ұландар мен олардың ата-аналары, жетекшілерін қатысты. Абай облысы бойынша 250 оқушы қатысса, соның 17-сі біздің лицей ұландары. Лицейімізден 15 жоба қорғалып, оның 7-еуі жүлделі орынға ие болды. Атап айтсақ, Русланұлы Сұлтан І орын (жетекшілері – Жилбаева З.Е., Ордаева Д.Б., Курманбаева Ж.А.), Полатов Алишер І орын, (жетекшісі – Дюсекенев Д.Н.) Базархат Жандос ІІ орын (жетекшілері – Жолдасов Д.Ә., Калбагаева М.С.), Камалджанов Расулжан және Ягудин Касымхан ІІ орын (жетекшісі Кайкенова И.В.), Кадильбеков Раджан ІІІ орын (жетекшісі Амиржанова Г.Б., Жаксыбаева Э.А.), Абуханов Нұрсұлтан ІІІ орын (жетекшілері — Жолдасов Д.Ә., Калбагаева М.С.), Сәрсембеков Бекнұр ІІІ орын (жетекшілері — Жолдасов Д.Ә., Абдирова Л.С.).
Жиын барысында лицей басшысы К.Б.Окасов мырза ұландарға республикалық кезеңінен жүлделі орынмен оралуына тілек айтып, дарынды шәкірттерін дайындаған жетекшілеріне ризашылық білдірді. Сондай-ақ облыстық ғылыми жобалар байқауына қатысып, жүлделі орын алған ұландардың ата-аналарына алғыс хат табысталды.
Дарынды шәкірттеріміз жетістіктердің биік шыңынан көріне берсін!