Қараша айының 18, 19, 20 күндері «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен Шульбинск кентінде облыстық «Алтын дауыс» вокалистер конкурсы өтті. Конкурсқа Шығыс Қазақстан облысының түпкір-түпкірінен өнерлі жастар жиналып, бақ сынасты. Үш күнге созылған өнер көкпары шын жүйріктерді жиырмасыншы қараша күні анықтап, мәреге жеткен жеңімпаздар гала-концертке қатысты. Жеңімпаздардың қатарында «Жас ұлан» ерлер-мектеп-лицейінің ұланы Кенжеканов Ерқанат жүлделі ІІ орын алып, талантымен көпшілікті таң қалдырды. Тағы бір ұланымыз Амангелдыев Сырым халық әндері номинациясы бойынша «Құсни Қорлан» әнін классикалық мәнерде орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ән аспанында еркін қалықтап, жеңіспен оралған ұландарымызды құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!!
Дамыту орталығы