blank

Өткен аптада Адамның рухани-адамгершілік әлеуетін арттыруға, құндылық бағдарларын, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға бағытталған лицейішілік іс-шара өткізілді. Аталған іс-шара кезінде сынып сағаттары, шеберлік сағаттары мен сурет конкурсы, эссе мен шығарма сайысы ұйымдастырылды. «Ұлттық құндылық» тақырыбында 92-взвод ұландары эссе жазып, ең ерекше жазылған шығармалар бағаланып, І,ІІ,ІІІ орынға ие болған ұландар дипломмен марапатталды.
І орын — Мұрат Ислам
ІІ орын Манапұлы Ерқанат, Мұратқалыев Тілек
ІІІ орын Дүйсенғалиев Арнұр, Қаби Бақтияр, Болатқан Ислам

Іс-шараға белсене қатысқан барлық ұланға ризашылығымызды білдіріп, алдағы уақытта да толағай табыс пен жоғары жетістік тілейміз.