blank

Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша мәліметтер

«Жас Ұлан» мектеп-лицей- интернатында ақпан айының 14-22 аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға лицейіміздің 9,10,11-сынып ұландары қатысты. Жалпы білім беретін пәндер бойынша барлығы 67 қатысушы болды. Олар: жаратылыстану бағытынан -27, гуманитарлық бағыт бойынша 40 ұлан. Олимпиада «Oqylyq.kz» платформасында ашық түрде, әділ қазылар мен бақылаушылардың қатысуымен өз жалғасын тапты. Олимпиада барысында барлық ережелер мен нұсқаулықтар сақталды. Әр пән бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, хаттамалар толтырылды. Қорытындысына келер болсақ, жаратылыстану бағыты бойынша 12 бала, гуманитарлық бағыт бойынша 9 бала, жиыны 21 ұлан облыстық кезеңге жолдама алды. Ұландарымызға сәттілік тілей отырып, білім шыңына шығар жолда қанаттарың талмасын демекпіз. Олимпиаданың облыстық кезеңіне сәттілік тілейміз!