Родительское собрание по вопросам вакцинации

blank

Жасөспірімдерді вакцинациялау білім беру ұйымдарының егу пункттерінде жүргізіледі. Сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша вакцинацияны емханаларда жеке тәртіппен жүргізуге жол беріледі.

Ұйымдарда вакцинациялаудың мынадай артықшылықтары бар:
—  салауатты орта (КВИ-ді қоса алғанда, респираторлық инфекция симптомдары бар ықтимал науқастармен қарым-қатынасты болдырмау);
— оқушылардың медициналық араласу фактісін психоэмоционалдық қабылдауы олардың таныс ортада жеңілдейді;
— өз баласын емханада вакцинациялауға әкелу үшін ата-аналарға жұмысқа бармаудың қажеті жоқ; бұл ретте қалауы бойынша ата-аналар жасөспірімді мектепте вакцинациялау кезінде қатыса алады;
— аш қарынға вакцинация жүргізбеу үшін жасөспірімдерді алдын ала тамақтандыру мүмкіндігі;
— психологтың болуын және мектеп оқушылары үшін таныс ортада онымен қарым-қатынасты қамтамасыз ету мүмкіндігі;
— оқу орындарының педагогтары мен медицина қызметкерлері өз мектептерінің балаларын жақсы біледі, олардың болуы жасөспірімдердің психоэмоционалдық жағдайына жақсы әсер етеді.

КВИ-ге қарсы егуді қоса алғанда, кез келген профилактикалық егу ата-аналардың вакцинацияға берген ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі.

Вакцинациялауға жататын жасөспірімдердің тізімін жоспарлау және жасау процесінде ақпараттандырылған келісім алдын ала жиналады. Осыған байланысты, вакцинациялауға ата-анасы қол қойған келісімі бар балалар ғана алдын ала жасалған тізім бойынша шақырылады.
Емханада да, мектепте де ата-аналар қалауы бойынша балаларын вакцинациялау кезінде қатыса алады.

Было проведено собрание для родителей 61, 62, 71, 72, 81, 82 взводов по вопросам вакцинации подростков с приглашением врача общей практики студенческой поликлиники Баяхметовой