Кеңес Одағының Батыры генерал Сабыр Рахымовтың 119 жылдығына арналған Республикалық зияткерлік байқауы мен онлайн конференциясының қорытындысы.
2021 жылдың 10 – ақпанында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шымкент Республикалық «Жас Ұлан» мектебінде Кеңес Одағының Батыры генерал Сабыр Рахымовтың 119 жылдығына арналған Республикалық зияткерлік байқауы және онлайн конференциясы өтті.
Біздің лицейдің де командасы қатысып, бірнеше номинация бойынша өз бақтарын сынады.
Республикалық зияткерлік байқауында «Орыс тілі мен әдебиеті» пәнінен «Мы помним, мы гордимся …» номинациясы бойынша ІІ –дәрежелі дипломмен Мазанбеков Нүржан марапатталды. Жетекшісі:орыс тілі мұғалімі Дюсекенев Дамир Нурулланович.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен «Сабырды қалың қазақ тану керек!» номинациясы бойынша Советқалыұлы Аңсар ІІ – дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Маныбаева Гульнар Тлеубаевна.
«Орыс тілі мен әдебиеті» пәнінен «И узнает страна своих героев» номинациясы бойынша Қыбылайханов Тамирлан ІІІ –дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: орыс тілі мұғалімі Дюсекенев Дамир Нурулланович.
Жүлдегерлерге Шымкент Республикалық «Жас Ұлан» мектебінің басшылығы атынан дипломдар мен құнды сыйлықтар, сертификаттар тапсырылды.
Барлық жүлдегерлерді марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!