«Жарқын болашақ» ІХ қазақ тілі мен әдебиетінен облыстық олимпиада қорытындысы

«Жарқын  болашақ» ІХ  қазақ тілі мен әдебиетінен облыстық олимпиада қорытындысы

«Жарқын болашаққа» бастар жол қазақ — түрік лицейінен басталады. Жыл сайын оқушылар арасында өткізілетін «Жарқын  болашақ» олимпиадасына  Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» лицейінен әр сыныптан жалпы 10 оқушы қатысуға тапсырыс берді. Оқушылар  өз бақтарын «Тілші — әдебиетшілер» , «Сөз шеберлері», «Әнші бұлбұлдар», «Жас жазушылар», «Жас ғалымдар» сайыстары бойынша сынады. Әр сайыс түрінен қатысатындардың бірі қазақ,  бірі өзге ұлттан  болу керектігінен   лицейдегі  өзбек, ұйғыр, неміс, орыс ұлттарының ұландары іріктеліп дайындық жүргізілді.  Жыл сайын өткізілетін олимпиаданың  негізгі демеушілері KATEV қоры екені белгілі. Олимпиада барысында әділ қазы мүшелері де жан-жақтан келіп, сайыста кімнің жүлдеге ілінуі әділ түрде бағаланады. Жалпы Семейдің қазақ — түрік лицейінің  ұстаздары мен оқушылары олимпиаданың өткізілу барысында бір кісідей жұмыс атқарып,  ұйымдастырудың жоғары сапасын көрсетеді. Олимпиадаға келген әр оқушы мен жетекшісінің барлық жағдайлары жасалады. Киім ауыстыратын бөлмесі, түскі астары, бос уақыттарын өткізуі бәрі-бәрі ескеріледі. 2016-2017 жылғы Жарқын болашаққа үкілеп қосқан үздіктер облысымыздың ең мықты оқушыларымен сайысқа түсіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсақ Маныбаева Г.Т. дайындаған 7- сынып оқушысы Гирш Данил «Отан» атты қазақша ән орындап үздік екінші орынды иеленсе, эссе жазған Болат Заңғар мен Яковлев Мұхаметнұр  үздік үшінші орынға ие болды. Эссе жазған оқушылардың жетекшісі- Каржикова Дария Саметқызы.Ұстаздар мен оқушыларымызға жеңістерінің көп болуын тілейміз.