2016—2017 оқу жылының наурыз айының 1-4 күндері аралығында Алматы қаласында орналасқан Əл-Фараби атындағы Қазақстан Ұлттық Университетінің қабырғасында Ө.Жолдасбеков атындағы математикадан жəне механикадан зерттеу жұмыстарының Халықаралық конкурсы өткізілді. Осы конкурсқа Қазақстан Республикасының əрбір облысынан, сонымен қатар, əлемнің 5 мемлекетінен 500-дей оқушы қатысты.

Шығыс Қазақстан облысынан 20 оқушы өз бақтарын сынады. Солардың қатарында біздің оқу ордамыздың 11-сынып түлектері Сағидоллаев Мейіржан мен Ашимов Темірлан облыс намысын қорғауға барды. Тек қана қатысып қана қоймай, Қазақстанға əйгілі ғалымдармен танысып, сұхбаттасып, өздерінің ғылымға деген құлшыныстарын арттырды.

Халықаралық дəрежеде өткізілген аталмыш жарыста өздерінің басымдылықтарын танытып, «Жас Ұлан» лицейінің оқушылары ІІІ дəрежелідиплом иегерлері атанды. Яғни, ҰБТ сынағынан босатылып, мемлекеттік грант иегерлері болып табылады. Осындай халықаралық конкурстар жүлдегерлері атанған дарынды ұландар алғашқы жеңісіміз  емес. Жыл сайын дарынды жас ғалымдар өздерінің жобаларымен әр түрлі деңгейдегі ғылыми жобалар сайыстарына қатысады. Атап айтатын болсақ, өткен жылы  дəл осы олимпиададан ІІ дəрежелі дипломмен Николошин Валентин жəне Сексембаев Аслан марапатталған фболатын.

Осы оқу жылында 112 взвод (11 сынып) түлектері Ашимов Темирланды, Сагидоллаев Мейіржанды дайындап, биік жетістікке жеткізген жетекшісі физика пәнінің мұғалімі Есжанова Бахтыгуль Тоқтаровнаның қажырлы еңбегінің жемісі. Осындай талантты түлектер, дарынды оқушылар лицейде əлі де  шығатынына сенеміз!