blank

Дарынды бала – мектеп келбеті, ұлт болашағы. Қабілетті балаларға қолдау көрсету, дұрыс бағыттау біздің басты мақсатымыз. Лицейде оқушылардың «Зерде» ғылыми қоғамы жұмыс жасайды. 22 – қазанда «Жас Ұлан» мектеп-лицей-интернатында «Жас дарындар» фестивалі өтті.

Мақсаты: талантты және дарынды балаларға қолдау көрсету, жетістік шыңына жету үшін ұландардың ынтасын арттыру, шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруда жағдай жасау.

Фестиваль 6 бөлімге бөлінді:

I «Биікке самға, жетерсің шыңға» — лицейдің оқу үздіктері, «Алтын қоры».

ІІ «Өнер тап, ғылымды бағындыр» – облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми жобалардың қатысушылары.

III «Тәуекел ет, жеңіске жет! –  облыстық, республикалық олимпиадаларда лицей намысын қорғайтын олимпиада командасы.

IV «Өнерлі өрге жүзер» – шығармашылық және ән сайыстарының, ақындық жарыстардың қатысушылары.

V   «Жылдам, жоғары, күшті» —  түрлі деңгейдегі спорттық жарыстардың  қатысушылары.

VІ  «Міндет.Абырой. Ерлік» — республикалық әскери-патриоттық «Айбын»  жастар жиынының командасы.

«Жас дарындар» фестиваліне құрметті қонақтар шақырылды.

  1. Семей қаласы әкімінің орынбасары Садырбаев Айдар Серикқазыұлы.
  2. Қалалық маслихаттың депутаты, лицейдің Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі Алтайбаев Андрей Викторович.
  3. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Ассамблеясының алтын медаль иегері Жақсылықова Сания Қайыржановна.
  4. «Жас ұлан» лицейінің 2011жылғы түлегі Грицаев Руслан.
  5. Лицейіміздің 2011 жылғы түлегі Амиртаев Алим.
  6. Лицейдің 2011 жылғы түлегі Самарканов Руслан.
  7. Лицейіміздің 2018 жылғы түлегі Жаксылыков Мират.

Қонақтарымыз ұландарға өздерінің жүрекжарды тілектерін айтып, әр бөлімнің команда капитанына арнайы жалауша мен марапаттарды табыстады. Лицей басшысы Оқасов Құрмаш Бабағұмарұлы олимпиада мен спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын дипломдар мен кубокпен марапаттады. Лицей басшысы Олимпиада Туын табыстады.

«Жас дарындар» және «Айбын» атты жеңімпаздар мен жүлдегерлердің, оқу үздіктерінің альбомының тұсаукесері өтті. Альбом бірнеше бөлімнен тұрады: олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері; әскери-патриоттық, спорттық сайыстардың жеңімпаздары. Бұл альбомға енген ұландарымыз лицей тарихында мәңгі қалары сөзсіз.

«Лицей менің жүрегімде» деген қанатты сөзді ту қылған түлектеріміздің бейнеқұттықтаулары ұландардың бойына жігер беріп, сенім ұялатты.

Іс-шарада олимпиада туы табысталып, ән шырқалды.