«ЖАС ҰЛАН» ТЫНЫСЫ»
Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін!
Лицейішілік ақпараттық баспа басылымы.
№ 8-9, сәуір–мамыр 2018 ж.
«Bilim älemin aşamız»!
«Bilim älemin aşamız».
Biz, Abrayımov Qanat pen Murzaqanov Sultan, 2018 jılı, 4–8 säwir aralığı’nda Bayqoηır qalası’nda ötken «Bilim älemi’n aşamız» attı XIV Halıqaralıq jobalar sayısı’na qatıstıq. 5 säwir qala sırtı’na şığıp, kosmodrom’nıη murajayı’na bardıq. Tüs’ten keyin jobamız’dı qorğadık. 6 säwir küni biz qala boınşa ekskursiya’da boldıq. Bayqoηır qalası’nıη mädeniyet sarayı’na kirdik.
7 säwir küni sayıs’tıη jabılıwı boldı. Biz II orın’ğa iyelendik. Qala ğarış kemeleri’niη modelderi’ne bay. Biz’di «Jas Ulan’da» fiyzikä päni muğalimi «Belsendi kün parusı’ndağı ğarıştıq kemeler» attı joba boyınşa dayındadı.
Sayıs’ta 150 oqıwşı qatıstı. Sayıs’ta Qazaqıstan men Resey’den kelgen oqıwşılar boldı. Bul joba’nı bir jıl boyı dayındadıq. Jüldeli orın alğanım muğalim arqası’nda. Muğalim jäne biz’ge kömek körsetken adamdar’ğa mıη da bir alğış aytamız.
Abrayımov Qanat pen Murzaqanov Sultan
«ЖАС ҰЛАННЫҢ» ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗДАРЫ!
2018 жылдың 12–16 сәуірі аралығында Шығыс Қазақстан облысының үздік оқушыларының құрамында Семей қаласындағы «Жас Ұлан» лицейінің оқушылары Астана қаласында генерал Нұрмағанбетов С.К. атындағы «Жас ұлан» мектебінің базасында өткен V республикалық «Сардар» кешенді олимпиадасына қатысты.
Олимпиаданың екі айналымы бойынша: теориялық (математика, физика, қазақ және орыс тілдері, алғашқы әскери дайындық пәндері бойынша тестілеу) және тәжірибелік (алғашқы әскери дайындық пен дене шынықтырудан нормативтер орындау: жалғыз саптық дайындық, АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинау, 3000, 100 метрге жүгіру және белтемірге тартылу) айналымдарда дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» лицейнің барлық тәрбиеленушілері жүлделі орындарға ие болды.
І дәрежелі дипломмен Мұратбеков Ерасыл, ІІ дәрежелі дипломмен Төлеубаев Темірлан марапатталды. Олимпиаданың Бас жүлдесі Джашкенев Әлішерге табыс етілді.
92 топ ұланы БИКЕНОВ Жарас
АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІСІМ
Оқушылардың химия мен биологияны оқуға қызығушылықтарын арттыру, талантты және дарынды оқушыларды анықтау, оқушылардың зияткерлік дамуын және кәсіби бағыт-бағдарын қолдау мақсатында 2018 жылдың 11–12 сәуір аралығында 9–11 сынып оқушылар арасында химия және биология пәндерінен Жәкула Күшікұлы атындағы бірінші облыстық олимпиадасы өтті.
Олимпиада екі айналымда болды: Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектеп базасында тәжірибелік және практикалық кезеңдері өтті.
Мен екі айналымнан сүрінбей, сәтті өттім, жүлделі 3 орынға ие болдым. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен ғана емес, сонымен қатар естелік сыйлықтармен марапатталды: І орын – ноутбуктарға, ІІ және ІІІ орын – смартфондарға ие болды. Менің жетістігім – қуанышты кездерімнің бірі болып қалады.
Олимпиадаға демеушілік жасаған – қоғамдық және саяси қайраткер, тұңғыш қазақ дәрігері Жәкула Күшікұлының немересі Асқар Жәкулин атындағы қайырымдылық қоры.
Менің ойымша, бұл олимпиаданы енді республика көлемінде өткізу керек.
САКЕНОВ Әсет, 92 топ ұланы.
ВЫЕЗДНЫЕ ВЫСТАВКИ
Одной из активно используемых форм деятельности военно-патриотического музея “Даңқ” становится организация выездных выставок.
22 апреля текущего года в Областной универсальной библиотеке им. Абая была проведена очередная “Краеведческая гостиная”, посвященная теме “Семипалатинские эвакогоспитали”. Мероприятие было дополнено номерами газет, изданных в период с 1939 по 1945 гг., и выставкой экспонатов из нашего школьного музея – разными предметами военных лет (мины, артиллерийская гильза, солдатские пилотки, стальные каски и армейские фляжки военнослужащих Красной Армии и вермахта, пулеметные ленты, ствол карабина, гимнастерка, учебная топографическая карта и т.д.).
Совместно с краеведческим обществом “Прииртышье” аналогичная выставка была организована 8 мая в фойе средней образовательной школы № 7. Учащиеся разных классов приходили группами, с интересом рассматривали экспонаты и слушали объяснения краеведов.
11 мая выездная выставка указанных предметов, относившихся к вооружению солдат Советской и немецкой армий, прошла в средней школе № 20 города Семей.
АБДИКЕЕВ Ильяс, улан 61 взвода
«ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ!»
Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асу-Бұлақ ауылында қарапайым еңбекші отбасында дүниеге келген. 1934 жылы орта мектепті толық аяқтамай Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына оқуға түсті. 1939 жылы оны бітірген соң әскери-барлау мектебіне жіберілді, 1941 жылы қараша айында осы мектепті бітірген бойда, Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтілді.
Арнайы тапсырма бойынша Украинаның басқыншылар қолында қалған жеріне жіберілді. Ол жерде Қасым Қайсенов Чапаев В.И. атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Молдавия, Украинаның Закарпатье бөлігі, Чехословакия және Румыния жеріндегі ұрыстарға қатысады. Әскери мұрағаттар Қасым Қайсенов туралы маңызды тарихи оқиғаларға толы.
Қасым Қайсенов атамыздың 100-жылдығына орай «Жас Ұлан» лицейі халық батыры туған ауылында өткізілген әс-шараларға белсене қатысты. Лицей ұландары осы шараға арнайы әдеби-сазды қойылым, концерттік бағдарлама дайындады, әскери дайындықтың да жоғары деңгейін көрсетті.
«Ер есімі ел есінде» дегендей, батыр атамыздың ерлігін ұмытпаймыз, мәңгілік есте сақтаймыз!
ЕРКІНБЕКОВ Мейіржан, 102 топ ұланы
ПАРТНЕРЫ ЛИЦЕЯ «ЖАС УЛАН» — НИШ г. СЕМЕЙ
27 апреля 2018 г. в лицее «Жас Улан» был проведен традиционный ІІІ форум «Отличников и хорошистов, призеров и победителей». Главные «виновники» торжества – уланы, имеющие высокие показатели в учебе, спорте, исследовательской и творческой деятельности.
Для участников форума утро началось с необычного путешествия в увлекательный «Мир науки». В режиме открытого образовательного пространства был осуществлен визит 138 наших лучших учеников в «Назарбаев Интеллектуальную Школу» г. Семей. Учащиеся двигались по станциям «Физика», «Химия», «Биология», «Робототехника». Уланы самостоятельно проводили опыты в лабораториях физики, химии и биологии, собирали роботов.
В этот же день наш лицей посетила группа учащихся и педагогов НИШ, для которых была организована экскурсия в военно-патриотический музей «Даңқ». Они также побывали в именных кабинетах, спортивном зале и тире лицея.
Такие мероприятия являются одной из форм реализации взаимовыгодного партнерства лицея «Жас Улан» с НИШ г. Семей и способствуют обеспечению успешной социализации и накоплению у учащихся образовательного и социального опыта.
Улан 71 взвода КУРМАНГАЛИ Алдияр
ӨМІР САБАҒЫ
2018 жылдың 28 сәуір күні 72 топта Ауған соғысының ардагері Адильханов Саят Тлеубекұлымен ашық тәрбие сағаты өтті.
Ашық сабақта ұландар Саят Тлеубекұлына көп және қызықты сұрақтар қойды. Оқушылар соғыс туралы ардагерден көп мәлімет естіп, соғыстың қиындығын, ауыр сәттерін сезінгендей болды. Сыныптасымыз Тлеубеков Ильястың әкесі өз өмірі, отбасы және де қазіргі кездегі қызметі туралы айтты.
Аға сержант Саят Тлеубекұлы – Тәжік-ауған шекарасындағы әскери іс-қимылға қатысқан ардагерлер республикалық қоғамдық ұйымының мүшесі. 2003–2017 жж. аралығында инспектор патруль бастығы лауазымын атқарды, 2017 жылдан бастап Семей өңірлік әскери полиция жасағының гауптвахтада ауысым бастығы болып қызмет етеді. Саят Тлеубекұлының соғыстағы ерлігін және қазіргі кездегі еңбегін мемлекетіміз және Ресей мемлекеті бағалап, медальдармен марапаттады.
Соғыс кезіндегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге елімізді өркендетуге ат салысып жүрген ардагерлер жауынгерлерді қадірлеп-құрметтеу – біздің борышымыз.
ГАЗИЗ Ардажан, 72 топ ұланы
«ЖАС УЛАН» В ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОЙ БИБЛИОТЕКЕ
В честь празднования Дня защитника Отечества работник Детско-юношеской библиотеки Гайнуллина Шолпан Ахметовна провела совместно с библиотекарем Куандыковой Шолпан Алатаевной и воспитательным отделом лицея «Жас Улан» мероприятие, посвященное празднованию 7 мая – Дню защитника Отечества. В праздничном мероприятии приняли участие уланы 72 взвода. Ученики, подготовленные педагогом дополнительного образования Толеуконыр Жадрой Кунанбайкызы, представили музыкально-поэтическую композицию. Уланы смогли показать свои знания в викторине по истории создания казахстанской армии, им были вручены памятные сувениры.
Улан 72 взвода Тлеубеков Ильяс