5 желтоқсан күні Семей қаласында «Балалар жылына» орай ұйымдастырылған «Жыл оқушысы» республикалық конкурсының облыстық кезеңі қорытындыланды. Аталған шара ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қолдауымен өткізілді. Негізгі мақсаты – оқушылардың білім деңгейін арттырып, әртүрлі салалар бойынша ғылыми-зерттеу, шығармашылық жұмыстарға тарту, тұлғалық қабілеттерін шыңдау. Байқаудың негізгі талабы бойынша үміткерлер зияткерлік және пәндік олимпиадалар мен түрлі жарыстардан, спорттық сайыстардан жетістіктері және үздік оқушы болу керек.
Облыстық конкурс 4 бөлімнен тұрды. Нәтижесінде 6-7-сынып оқушылары арасында 1-жас тобы бойынша 71-взвод ұланы Хаменов Тамир Чакслыкоич І орын, 10-11-сыныптар арасында 3-жас тобы бойынша 111-взвод ұлан Базаркат Жандос ІІІ орын иеленді.
Ұландарымыздың жан-жақты дамуына үлес қосқан ұстаздарымызға алғыс айта отыра, республикалық кезеңге жолдама алған Тамирге облысымыздың абыройын ойдағыдай қорғауына тілекшіміз. Әрқашан сәттілік серігің болсын, жас ұлан!