«Жас Сарбаз» мамандандырылған сынып оқушыларымен жұмысты ұйымдастыру»

«Жас Сарбаз» мамандандырылған  сынып оқушыларымен жұмысты ұйымдастыру» атты облыстық әдістемелік-семинар

 «Жас Сарбаз» арнайы мамандандырылған сыныптарының жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында бүгін, 2019 жылдың 30 қазанында, Cемей қаласындағы «Дарынды балаларға арналған Ш.Уалиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатында» Шығыс Қазақстан облысы білім бөлімдерінің басшылары және методистері, мектеп директорлары мен «Жас Сарбаз» сыныптарының офицер-тәрбиешілері үшін «Жас Сарбаз» мамандандырылған  сынып оқушыларымен жұмысты ұйымдастыру» атты облыстық әдістемелік-семинар өткізілді.

Семинар барысында «Шығыс Ұландары» («Жас Сарбаз») бағыты бойынша «Дарынды мектеп» кешенді жоспарын жүзеге асыру қорытындысы шығарылды. Семей қ., Курчатов қ., Риддер қ., Жарма ауданы, Алтай ауданы, Аягөз ауданы, Бесқарағай ауданы, Тарбағатай ауданы өкілдері сөз сөйлеп, өз тәжіриебелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, «Жас Сарбаз» балалар – жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі өкілінің қатысуымен «Жас Сарбаз» мамандандырылған сынып оқушыларымен әскери-патриоттық жұмысты ұйымдастыру және өткізу» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Семинарға қатысушылар облыстың білім беру мекемелерінде әскери-патриоттық жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіру мәселелерін, қазақстандық патриотизмді нығайту және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру мәселелерін, «Жас Сарбаз» сыныптарындағы әскери-патриоттық жұмыстың негізгі бағыттарын талқылады.

Семинар соңында өзара ынтымақтастық пен әрекеттесу туралы ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы, ҚР ҚМ «Восток» өңірлік қолбасшылығы, Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі Департаменті, Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар Департаменті, Шығыс Қазақстан облысының полиция Департаменті, Шығыс Қазақстан облысының «Қарулы Күштер Ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы, «Шығыс Қазақстан облысының Ауған соғысы ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігі, Шығыс Қазақстан облысының «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы, Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы және Шығыс Қазақстан облысының  білім басқармасы арасында Меморандумға қол қойылды.

Жастардың әскери-патриоттық тәрбиесіне қосқан үлесі үшін облыстың үздік педагогтары алғыс хаттармен марапатталды. Семинардың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.

2019 жылдың 29-31 қазан аралығында «Жас Сарбазә сынып оқушыларына арналған әдістемелік семинармен қатар «Алау» облыстық әскери-спорттық ойыны өткізіледі.

Қатысушыларға сәттілік және жұмыста табыс тілейміз!